АҚШ тарифтерінің Қытай үшін ешқандай экономикалық мәні жоқ

АҚШ тарифтерінің Қытай үшін ешқандай экономикалық мәні жоқ.

Көрші елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, Президент Дональд Трамп әкімшілігі Қытайдан әкелінетін тауарларға 245 пайыз көлемінде салық салған болатын. Сондай-ақ Қытай Сауда министрлігінің өкілі де «АҚШ мағынасыз тарифтік ойын ойнап отыр ал, біз оны елемейміз», - деді. Дегенмен ресми Бейжің «АҚШ Қытайдың мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіруде табандылық танытса, Штаттарға қарсы қатаң шаралар қабылдап, соңына дейін күресетінін» ескертті.