АҚШ пен Малайзия тарифтер бойынша келіссөздер жүргізеді
Малайзия мен АҚШ тараптары тарифтерге қатысты келіссөздер жүргізеді. Ол үшін сәуірдің соңында Малайзияның қаржы министрі мен инвестиция, сауда және өнеркәсіп министрі бастаған делегация Вашингтонға барады.
Америкалықтармен кездесу барысында олар көлік, техника мен жартылай өткізгіштерге салынған баж салығын алып тастауды сұрауы тиіс. Дональд Трамп бұл тауарларға 24%-тік тариф енгізген еді. Ақ үй басшысының салық саясатынан кейін 70-тен аса мемлекет АҚШ-пен сауда келіссөздерін жүргізуге ниет білдірген.