Әлемде ең көп кітап оқитын – азиялықтар

Дүниежүзілік мәдениет деңгейін сараптайтын халықаралық орталық әлемде ең көп кітап оқитын елдердің үздік ондығын жариялады.

Жалпы ғаламдық кітап нарығы өсіп келеді. Жаһандық кітап оқу мәдениетіне қатысты толығырақ тілшіміз айтып берсін. Мамандар адамдардың кітап оқуы мәдениет, білім және әлеуметтік факторларға байланысты дейді. Әлемдегі ең көп оқырман ел - Үндістан. Олар кітап оқуға аптасына 10 сағат 42 минут жұмсайды екен. Көш басында Азияның тағы үш елі елі тұр. Олар - Таиланд, Қытай және Филиппин. Сондай-ақ үздік бестікке Таяу Шығыстағы Мысыр енген. Чехиялықтар 6-орында. Көршіміз Ресей 7-орынға жайғасыпты. Қалған орындарда еуропалық елдер. Швеция, Франция және Венгрия тұрғындары аптасына 7 сағатқа жуық уақытын кітап оқуға бөледі. 

1. Үндістан 10 сағат 42 минут

2. Таиланд 9 сағат 24 минут

3. Қытай 9 сағат

4. Филиппин 7 сағат 36 минут

5. Мысыр 7 сағат 30 минут

6. Чехия 7 сағат 24 минут

7. Ресей 7 сағат 6 минут

8. Швеция 6 сағат 54 минут

9. Франция 6 сағат 53 минут

10. Венгрия 6 сағат 48 минут

Stellar: әлемдік кітап нарығы 2024 жылы $150 млрд асты

Әлемдік кітап нарығы 2024 жылы 150 миллиард доллардан асты. Бұл халықаралық Stellar консалтиң компаниясының зерттеу мәліметі. Олар кітап нарығын құрлықтар бойынша сараптаған. Бірінші орында Солтүстік Америка. Оларға ғаламдық үлестің 33 пайызы тиесілі. Одан кейінгі орындарда Еуропа, Азия мен Тынық мұхиты аймағы. Негізі әлемде қағаз кітаптар ең үлкен сұранысқа ие екен. Одан кейін басымдық цифрлық басымдыққа беріледі. Үшінші кезекте аудиокітаптар тұр.

Адамдар ғылым, тарих, мистика мен комикс кітаптарды көбірек оқиды

Жанрлар бойынша адамдар көбіне ғылым, тарих, мистика мен комикс кітаптарға көбірек көңіл бөледі. Халықаралық сарапшылар «әлемдік кітап нарығы жыл сайын 3 пайызға ұлғайып, 2032 жылы 200 миллиард долларға жетеді», - деп болжайды.