АҚШ-та 1500 шетелдік студент визасынан айырылды

АҚШ-та 1500-ге жуық шетелдік студент визасынан айырылды. Олар Израильге қарсы наразылық шараларына қатысқан. Сондай-ақ Газа секторын жақтап, әлеуметтік желіде жазба қалдырғандар да бар. Әл-Жазира телеарнасының мәліметінше, Ақ үй әкімшілігі 240 университеттің суденттеріне осындай қатаң шара қолданып отыр. Оның ішінде Гарвард, Стэнфорд сынды беделді оқу орындары да бар.

Дональд Трамп қызметіне кірісе салысымен антисемитизммен күрес туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұған дейін Ақ үй әкімшілігі Колумбия мен Гарвард университеттерін қаржыландыруды тоқтатты. Білім беру мекемелері еврейлерге қарсы өшпенділікпен дұрыс күрес жүргізбегені үшін 3 млрд доллардан қағылды.