Британиялық ғалымдар алып кальмарды суретке түсірді
Британиялық ғалымдар алғаш рет алып кальмарды суретке түсірді. Бірегей кадрлар Атлант мұхитында 600 метр тереңдікте жасалды.
Айта кетейік, алып кальмарлар әлемдегі ең ауыр омыртқасыз жануарларға жатады. Ұзындығы 7 метрге дейін, ал салмағы 500 келіге дейін жетуі мүмкін. Бұл тіршілік иелері туралы деректер аз. Белгілісі, олар өскен сайын мөлдірлігі жоғала бастайды.