Қытайда 4,4 млн 5G станциясы жұмыс істеп тұр
Қытайда 5G станцияларының саны 4,5 миллионға жуықтап қалды, деп хабарлайды 24kz.
Сөйтіп, көрші елде мобильді байланыспен қамту деңгейі 75%-тен асып кетті. Шығыстағы көршімізде бұл технология қарқынды дамып келеді. Ол ұлттық экономикаға кіретін 97 саланың 76-сында қолданылады. Әсіресе, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, электр энергетикасында жоғары қарқынмен дамуда. Бұл түрлі операцилардың тиімділігін арттырып, қызметкерлердің жүктемесін жеңілдетеді. Мысалы, 5G жүйелері арқылы басқарылатын роботтар ұңғымалар мен кен орындарда қауіпті жағдайда жұмыс істеп, адамдардың өмірін жеңілдетуде.