АҚШ-та жоғарғы сот Трамп әкімшілігінің шешімін бұғаттап тастады
АҚШ-тың жоғарғы соты Дональд Трамп әкімшілігінің шешімін бұғаттап тастады. Сөйтіп Техастан венесуэлалық мигранттарды депоратциялауға уақытша тыйым салды.
Олар АҚШ-та лаңкестік деп танылған ұйымға қатысты болуы мүмкін. Сондықтан алдағы күндері Сальвадорға күштеп жіберіліп, сол жерде түрмеге отырғызылуы керектін. Бірақ адам құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымның сауалынан кейін жоғары сот депортацияны уақытша тоқтатып тастады. Өйткені заңға сәйкес мигранттар Ақ үй әкімшілігінің шешіміне шағымдана алады. Бірақ олар бұл мүмкіндігін пайдаланбаған. Бұған дейін АҚШ-та қамауға алынған 200-ден аса венесуэлалықтың тиісті құқығы шектеліп, барлығы елден күштеп қуылған еді.