Израильде тұтқындардың отбасылары шеруге шықты

Тель-Авивте Газа секторында тұтқында отырған израильдіктердің отбасылары шеруге шықты. Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяхудан ХАМАС-тың шарттарын қабылдап, келісімге келіп, туған-туыстарын үйге қайтаруды талап еткен.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, палестиналық топ 59 израильдікті қамауда ұстап отыр. Соңғы мәлімет бойынша Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт бітімге келуге қатысты  келіссөздер тығырыққа тірелді. Палестиналық қозғалыс барлық тұтқындар босатылғаннан кейін бейбітшілік кепілдігін сұрап отыр. Яғни Израиль анклав аумағынан әскерін толық әкетуі тиіс. Ал Израиль ХАМАС-ты толығымен құртып, Газа секторының кейбір аудандарына әскери бақылау орнатпақшы. 18 наурызда қайта өршіген шабуылдардан мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 2 мыңнан астамы жараланған.