Нью-Делиде үй опырылып, 11 адам ажал құшты
Үндістан астанасы Нью-Делиде үй опырылып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Тағы жараланған 9 тұрғын ауруханаға жеткізілген. «Рейтер» таратқан алдын ала ақпарат бойынша көпқабатты үйді салу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Операцияға 60-тан астам маман тартылған. Тергеу амалдары басталды. Премьер-министр Нарендра Моди құрбандардың отбасыларына көңіл айтты.