Трамп әкімшілігі Гарвардты қаржыландыруды $1 млрд-қа қысқартпақ

Ақ үй әкімшілігі АҚШ-тағы белді Гарвард университетін қаржыландыруды тағы 1 млрд долларға қысқартады.

Бұл туралы ақпаратты Wall Street Journal жариялады. Осыған дейін Білім департаменті жоғары оқу орнына 2,2 млрд доллардың грантын бөлуді тоқтатқан еді. Бұл жолы университеттің медициналық зерттеулерін қаржыландыру доғарылады. Ақ үй әкімшілігі Гарвард әралуандық, теңдік және инклюзия бағдарламасынан бас тартуын талап етіп отыр. Алайда университет басшылығы мұндай іс-әрекеттер академиялық еркіндік құқығына қайшы келеді деп есептейді.