Ұлыбританияда туберкулёзбен ауырғандар көбейді

Ұлыбританияда туберкулез жұқтырғандар көбейіп барады.

Былтыр  5,5 мыңдай дерек тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Дәрігерлер мұндай жағдай кейінгі 54 жылда болмағанын айтады. Науқастардың дені кедей елдерден келген мигранттар. Бірақ жергілікті тұрғындардың ішінде де дертке шалдыққандар аз емес. «Бұл коронавирус кезінде медициналық көмектің дұрыс көрсетілмеуінің салдары болуы мүмкін. Өйткені пандемия кезінде барлық күш-жігер ковидпен күреске жұмсалған»,-дейді мамандар. Жергілікті билік жағдайды өзгерту үшін туберкулездің алдын алу және емдеуге қатысты 5 жылдық жоспарды дайындады.