АҚШ-тың Орландо әуежайында жолаушылар ұшағы өртенді
АҚШ-тың Орландо қаласының әуежайында Delta Air Lines ұшағы өртке оранды.
Оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Халықаралық БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша әуе кемесі қозғала бастағанда қозғалтқыштардың бірі жұмыс істемей қалып, өрт шыққан. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Атлантаға бет алған Airbus A330 бортында болған 300-ден аса адам үрлемелі пандустар арқылы эвакуацияланды. Өрт дереу сөндірілді. Төтенше жағдайға байланысты тергеу басталды.