Келесі Рим папасы кім болады?
Халықаралық Бұқаралық ақпарат құралдары Рим папасы лауазымына үміткерлер тізімін жасап, жариялай бастады.
Мәселен, америкалық New York Post газеті 20 кандидаттың есімін атады. Оның ішінде понтификке жақын болған,, француз кардиналы Жан-Марк Авеллин бар. Католик шіркеуінің келесі басшысы азиялық немесе африкалық болуы мүмкін деген жорамал да бар. Ал италиялық La Stampa газеті Рим Папасы Францисктің мұрагері ретінде Ватиканның қазіргі Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинді атады. Негізі тәртіп бойынша, католик шіркеуінің басшысы қайтыс болғаннан кейін 15-20 күннің ішінде жабық жиын өтеді. Жаңа понтификтің сайланғанын адамдар Сикстин капелласының үстіндегі мұржадан шыққан ақ түтіннен біледі.