Жерде 3 күн магнитті дауыл болады

Жерде 3 күн магнитті дауыл болады. Ғалымдардың болжауынша, табиғи құбылыс бүгін кешке басталады. Ресей ғылым академиясы Күн астрономиясы зертханасының мамандары: «оның қуаты деңгейлер шкаласы бойынша G2-ге дейін жетеді»,- дейді. Бұл электр желілері мен байланыс жүйелерінің жұмысына әсер етуі ықтимал. Магнит дауылынан адамдар да бастары айналып, өздерін жайсыз сезінуі мүмкін.