Рим папасы 26 сәуірде жерленеді
Рим папасын жерлеу рәсімі 26 сәуірде өтеді, деп хабарлайды 24kz.
Алдымен Ватикандағы Әулие Пётр алаңында месса оқылады. Артынша марқұмның денесі Әулие Пётр шіркеуіне, ал ол жерден Римдегі Санта-Мария-Маджоре шіркеуіне жеткізіліп, сонда жер қойнауына тапсырылады. Франциск кейінгі 100 жылда Ватиканнан тыс жерде жерленген алғашқы понтифик болғалы тұр. Ол көзі тірі кезінде осыны қалайтынын айтып кеткен. Рим-католик шіркеуінің дінбасымен қоштасу рәсіміне әлем басшылары қатысуы тиіс. Солардың арасында АҚШ пен Украина басшылары Дональд Трамп пен Владимир Зеленский бар.