Дональд Трамптың америкалықтар арасында беделі түсті.

Президент Дональд Трамптың америкалықтар арасында беделі түсті, деп хабарлайды 24kz.

Оны қолдау рейтингі ең төменгі межеге жетті. Ipsos зерттеу компаниясының сауалнамасына қатысқандардың тек 42%-і Ақ үй басшысының қызметіне көңілдері толатынын айтқан. Тұрғындар Президенттің сауда соғысы мен мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту саясатын қолдамайды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына қаржы бөлуді тоқтатуы көпшіліктің көңілінен шықпаған. Ал, бұған дейін америкалықтардың Трампты қолдау рейтингісі 47% болатын.