Еурокомиссия Apple мен Meta компанияларына €700 млн айыппұл салды

Еурокомиссия Эпл компаниясына 500 миллион еуро, ал Метаға 200 миллион еуро айыппұл салды. Америкалық технологиялық алпауыттар цифрлық нарық туралы заңды бұзды деп айыпталды.

Эпл бағдарлама жасаушыларға өнімдерін өзінің қосымшалар дүкенінен бөлек жерде таратуға тыйым салған. Ал Мета жарнаманы алып тастау үшін клиенттерінен ақы талап еткен. Енді технологиялық алпауыттар 60 күн ішінде проблеманы жою керек. Әйтпесе қосымша айыппұл арқалайды. Оның мөлшері Эпл мен Метаның жылдық табысының 20 пайызына дейін жетуі мүмкін. Бірақ қос америкалық компания тағылған айыптармен келіспей, Еурокомиссия америкалық бизнеске кедергі жасап отырғанын айтады.