«Оскар» сыйлығын табыстау ережелері өзгерді

"Оскар" сыйлығын табыстау бойынша жаңа ережелер бекітілді. Келер жылдан бастап қазылар алқасы дауыс беру алдында номинациядағы барлық фильмдерді көріп шығуға міндеттеледі.

Қаралым ресми платформа арқылы тексеріледі. Енді жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат етіледі. "Шет тілдегі ең үздік фильм" номинациясына босқын мәртебесі бар азаматтарға да қатысуға болады. Бұдан былай кастинг мамандар үшін жаңа аталым енгізіледі. Ал 2028-жылдан бастап Оскар сыйлығы каскадерлерге де беріледі.