АҚШ-та бас прокурорлар Трамптың үстінен сотқа шағым түсірді
АҚШ-та 12 штаттың бас прокуроры Президент Дональд Трамптың үстінен сотқа шағым түсірді. Бұған Ақ үй басшысы жүргізіп отырған сыртқы сауда саясаты түрткі болды.
Сотқа арызданғандардың арасында Ньй-Йорк, Аризона, Колорадо сияқты штаттардың бас прокурорлары бар. Олар "Дональд Трамп билігін асыра пайдаланып отыр. Өйткені Конгресс оған импорттық баж салығын көтеруге рұқсат бермеген. Бұл Конституцияға қайшы", - дейді. Прокурорлар Ақ үй басшысының шешімі елдегі инфляцияның өсіп, жұмыссыздықтың белең алуына әкелетінін айтқан. Ай басында президент Дональд Трамп әлемнің 185 еліне баж салығын көтерген еді. Алайда кейін келіссөз жүргізуге ниет білдірген 70 мемлекетті жоғары тарифтерден үш айға босатты.