Ыстанбұлдағы зілзаладан кейін Тurkish Аirlines қосымша рейстерді іске қосты
Ыстанбұлдағы зілзаладан кейін тұрғындарға көмек ретінде Түріктің әуе тасымалдаушысы - Туркиш Эйрлайнс қосымша ішкі рейстерді іске қосты.
Оған билеттер төмен бағамен сатылады. Құны 1750 лирадан аспауы керек. Бұл біздің ақшамен 24 мың теңге шамасында. Кеше Ыстанбұлда жер сілкінген еді. Оның магнитудасы 6,2-ге жеткен. Қаза тапқандар жоқ. Бірақ 250-ге жуық адам жарақат алған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл кейінгі жылдары қалада болған ірі зілзаланың бірі. Табиғат апатынан кейін 200-ге жуық жерасты дүмпуі тіркелген.