Боливияда халық инфляцияның өсуіне қарсы шеру өткізді
Боливияда мыңдаған адам Ла-Пас көшелеріндегі жолдарды бөгеп, инфляцияның өсуіне қарсы шеру өткізді.
Наразылық акциясына қатысушылардың дені - кеншілер, шаруалар мен кәсіпкерлер. Халықтың көшеге шығуына азық-түлік пен отын бағасының еселеп қымбаттауы түрткі болған. Олар мәселені шешу үшін Президентті келіссөз бастауға шақырды. 2023 жылы Боливияда табиғи газ экспорты қысқарғаннан кейін экономикасы нашарлап, бағалар шарықтап кеткен.