Google қашықтан жұмыс істейтіндерге талап қойды
Google қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлері үшін жаңа талап енгізді. Енді олар аптасына кемі 3 күн кеңсеге келуге міндеттеледі. Әйтпесе жұмыстан шығарылады.
Америкалық компания жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларға ден қойып отыр. «Сондықтан қызметкерлерінің қашықтан емес, кеңседе жұмыс істегені дұрыс», - дейді. COVID-19 пандемиясы кезінде көп компания штаттағы адамдарын онлайн жұмысқа көшірген еді. Бұл әсіресе IT саласындағы мекемелер үшін ыңғайлы болған.