АҚШ-та жаһандық өзгерістерді бақылау жөніндегі департамент жабылады
Бұл мекеме елдің климат өзгерісіне қатысты үйлестіру жұмыстарымен айналысқан. Сонымен қатар Париж келісімі мақсаттарына жету бойынша келіссөздерге қатысқан, деп хабарлайды Politico басылымы.
Бұл шешім президент Дональд Трамптың үкіметтегі артық бюрократияны жою және мемлекеттік шығындарды азайту туралы жарлығына сәйкес қабылданды. New York Magazine деректеріне сүйенсек, биыл АҚШ-та 30 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылған.