Үндістан мен Пәкістан шекарасында оқ атылды
Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал ушығып барады. Өткен түні екі жақтың шекарашылары бір-біріне оқ атты. Қаза болғандар туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Бірақ жергілікті ақпарат құралдарының дерегі бойынша қос тарап та шекараға әскер шоғырландырып, бес қаруын сайлап қойған.
Сондай-ақ Үндістан жауынгерлері аймақта терактіге қатысы бар күдіктілерді іздеу операциясын жүргізіп жатыр. Бірер күн бұрын Кашмирде қарулы адамдар туристерге оқ атып, 30-ға жуық адамды мерт қылды. Ресми Дели лаңкестердің артында ресми Исламабад тұр деп санайды. Ал Пәкістан билігі лаңкестік шабуылға еш қатысымыз жоқ, оны Кашмирдің егемендігін жақтайтын көтерілісшілер ұйымдастырды дегенді айтады.
Еске салайық, Үндістан мен Пәкістанның екеуі де ядролық қаруы бар елдер қатарына кіреді.