Қызыл теңіз экожүйесінің бір бөлігіне жойылып кету қаупі төніп тұр
Қызыл теңіз экожүйесінің бір бөлігіне жойылып кету қаупі төніп тұр.
Халықаралық ұйымдар мен экологтар осылай деп алаңдап отыр. АҚШ Йеменнің мұнай порттарына әуе шабуылдарын жиілетті. Салдарынан қара алтын суға төгіліп, балықтар қырылған. Экологиялық апат балықшыларды жалғыз табыс көзінен айыруы мүмкін. Олардың айтуынша, аймақта балық қоры едәуір азайды. Қызыл теңіз әлемдік сауданың алтын өткелі саналады. Алайда АҚШ-тың Йеменге әуе шабуылдарынан кейін аймақта кемелердің жүрісі қиындады.