Бүгін Рим папасы Францискті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

Бүгін Ватиканда Рим папасы Францискті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді. 

Қазір Римде қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Шаһар көшелерін 3 мың полиция қызметкері күзетеді. Әуе кеңістігін жойғыш ұшақтар мен дрондар бақылайды. Фьюмичино жағалауына әскери кеме орналасты. Рим-католик шіркеуінің басшысы 21 сәуірде 88 жасында дүниеден озды. Понтифик инсульт және жүрек-қан айналымының бұзылуынан қайтыс болған. Рейтер агентігінің мәліметі бойынша Рим папасы Францискті жерлеу рәсіміне 200 мыңнан аса адам қатысады. Олардың қатарында АҚШ Президенті Дональд Трамп сияқты әлем көшбасшылары бар.