Йемендік хуситтер Израиль аумағын атқылады
Йемендік хуситтер Израильдің Неватим әуе базасын шабуылдады.
Олар гипердыбыстық баллистикалық зымыран ұшырған. Бұған дейін Еврей әскері Йемен жақтан ұшырылған зымыранды атып түсірген болатын. Израиль Газа секторындағы әскери операциясын қайта бастағаннан кейін палестиналықтарды қолдау ретінде йемендік хуситтер еврей елінің нысандарын 18 наурыздан бастап атқылап жатыр. Олар Қызыл теңізде де шабуылдарын үдете түскен.