Израиль Бейрутты бомбалады

Израиль әскері Ливан астанасының оңтүстігін бомбалады.

Шабуыл жасамас бұрын, эвакуациялау туралы бұйрық берген. Олардың айтуынша, ғимаратта «Хезболла» қозғалысының зымырандары жасырылған қойма талқандалды. Әзірге құрбан болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. 5 ай бұрын Израиль мен Ливан бейбіт келісім жасасқан еді. Ливан Президенті Джозеф Аун шабуылды қатаң айыптады. АҚШ-ты Израильді райынан қайтаруға шақырды.