Франция мемлекеттік мекемелердің үштен бірін қысқартады
Франция мемлекеттік мекемелерді қысқартады. Жергілікті билік ұйымдардың үштен бірін біріктіреді немесе таратады.
Елдегі жоғары оқу орындары ғана қалыпты жұмыс істей береді. Осылайша үкімет 3 млрд долларды үнемдемек. Қазір Францияның бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына тең. Билік бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 3 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр.