Үндістан 5 жаңа су электр стансасын салады
Үндістан су электр станцияларына қатысты жобаларды мықтап қолға алды. Жұмысты ширатуға бейіл. Бұған Пәкістанмен арадағы ахуалдың ушығуы себеп. Ал өткен аптада ресми Нью-Дели 65 жыл бұрынғы келісімнен шықты. Бұл құжат Пәкістанмен бірге Үнді өзеніндегі суды ортақ пайдалануды көздейтін еді. Енді Үндістан бұл өзенде жаңа 5 электр станциясын салмақ. Нью-Дели осылайша көрші елге ықпал етуді жоспарлап отыр. Естеріңізде болса, 22 сәуірде екі елдің шекаралас аумағында лаңкестік әрекет болып, 30-ға жуық адам көз жұмды. Үндістан бұған Пәкістанды кіналайды. Бірақ екінші тарап айыпты жоққа шығарып отыр. Осы оқиғадан кейін екі мемлекеттің шекарасы жабылды. Дипломаттар кері қайтарылып, визалар күшін жойған. Ресми Исламабад Үндістанның суды ортақ пайдалану туралы келісімнен біржақты тәртіпте шығуын соғысқа теңеп отыр.