Иран портында жарылыстан 70 адам қаза тапты

Иранның Шахид-Раджаи портында жарылыстан мерт болғандар саны 70 адамға жетті.

Тағы 1200-ден астам адам жарақат алған. Бұл туралы Франс 24 телеарнасы хабарлады. Олардың айтуынша, қазір аймақта апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Қалпына келтіру кемінде 20 күнге жалғасады. Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Сондай-ақ тұрғындарға аса қажеттілік болмаса тысқа шықпауға кеңес берді. Еске салайын, өткен сенбіде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан портта жарылыс болды. Бұл натрий перхлоратының тұтануына әкелді. Оқиғадан кейін үкімет үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.