Пәкістан Кашмирдегі оқиғаға қатысты Үндістанның жауабын күтеді

Пәкістан Үндістаннан Кашмирдегі лаңкестік оқиғаны тергеу туралы ұсынысына жауап күтеді.

Бұл туралы Пәкістан Ислам Республикасының Қорғаныс министрі мәлімдеді. Бұған дейін Пәкістан Премьер-министрі Нью-Дели билігіне тәуелсіз тергеу тобын құрып, оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауға шақырған еді. Исламабад оны Үндістан мен Пәкістан арасында ғана емес, бейтарап елдердің де қатысуымен жүргізуге болатынын айтады.