Мексикаға АҚШ-Тан 39 мың мигрант депортацияланды

Мексика кейінгі 3 айда АҚШ-тан депортацияланған 39 мың мигрантты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Олардың 6 мыңы Латын Америкасындағы өзге елдердің азаматтары. Дональд Трамп қаңтардың соңында қызметіне кіріскеннен кейін көші-қон ережелерін қатаңдатты. Қазір елде заңсыз жүрген шетелдіктерді жаппай эвакуациялау жүріп жатыр. Бір айта кетерлігі Джо Байден тұсында одан да көп мигрант күштеп қайтарылған.

Клаудия Шейнбаум, Мексика президенті:

- Біз тек мексикалықар ғана емес, АҚШ-тан келген өзге ел азаматтарын да қабылдап жатырмыз. Бірақ кейінгі уақытта олардың саны азайып келеді. Өйткені Ақ үй әкімшілігі басқа мемлекеттермен келісім жасап, заңсыз мигранттарды тікелей рейспен отанына қайтарып жатыр.