Иран мен АҚШ келіссөздерінің төртінші кезеңі Римде өтеді

Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздердің келесі кезеңі Римде өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Бірақ нақты күні әлі белгіленген жоқ. Сондай-ақ ресми Тегеран Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдерімен де кездесуге ниетті. Басқосу Римде 2 мамырға белгіленген. Бұған дейін Иран мен АҚШ тараптары осы айда үш рет тікелей емес келіссөздер өткізген еді. Тегеран америкалықтардан санкцияларды алып тастауды талап етеді. Сонда уранды байыту көрсеткішін 10 жыл бұрын Вена келісімінде белгіленген межеге дейін азайтатынын айтады. Екі тарап арасындағы мәселені шешуге Оман билігі арағайындық танытып жүр. Сондықтан басқосудың екі раунды осы Оманда, тағы бір кезеңі Италияде өткен еді.