Оңтүстік Кореяда 25 млн абоненттің SIM-картасы тегін ауыстырылады
Оңтүстік Кореядағы ең ірі байланыс операторы 25 миллион абоненттің SIM-карталарын тегін ауыстырып береді. Бірақ бұл кезең-кезенімен жүреді. Өйткені SIM-карта бәріне бірдей жетпей жатыр.
Екі апта бұрын оператор желіде зиянды бағдарламаны анықтаған еді. Қаскөйлер сол арқылы 25 миллион абоненттің жеке дерегін ұрлаған. Енді байланыс компаниясының өкілдері киберқауіпсіздік деңгейін арттырып, хакерлік шабуылдарды болдырмайтынын айтады.