Мексикада 760 адам қызылша жұқтырды
Мексиканың солтүстігінде қызылша тез тарап жатыр. Әсіресе Чиуауа штатында жағдай қиын. AP агенттігі осылай деп хабарлады. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері аймақта 760 адам ауру жұқтырған.
Олардың дені – дертке қарсы егілмеген 25 пен 44 жас аралығындағы тұрғындар. 1 адам көз жұмған. Долбарға қарағанда вирус сырттан келген. Өйткені Мексика АҚШ-тың Техас штатымен шекаралас жатыр. Ал қазір ол жақты қызылша меңдеп тұр. Ауру тұмау тәрізді жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы жұғады.