Дональд Трамптың кеңесшісі Майк Уолтц қызметінен кетті
АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцты қызметінен босатты. Енді ол Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы өкілі болады. Уолтц Американың құпия жоспары талқыланған чатқа Atlantic журналының бас редакторын қателесіп қосып жіберіп, дауға іліккен еді.
Онда Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операция бастау туралы сөз болған. Трамп оны БҰҰ-дағы елші қызметіне ұсынатынын атап өтті. Оның міндетін әзірге мемлекеттік хатшы Марко Рубио атқарады. Майк Уолтц – Дональд Трамптың жаңа әкімшілігінен кеткен жоғары лауазымды алғашқы тұлға.