Иран мен АҚШ келіссөздері кейінге қалды

Иран мен АҚШ келіссөздерінің төртінші раунды кейінге қалды, деп хабарлайды 24kz.

Басқосу ертең Римде өту керек еді. Бірақ логистикалық қиындықтарға байланысты басқа күнге қалды. Жаңа жиынның уақыты әзірге белгісіз. Енді Иран делегациясының Германия, Ұлыбритания және Франция өкілдерімен бүгінге белгіленген кездесуі де өтпейтін болды.

Айта кеткен жөн, Оман билігінің арағайындығымен Тегеран мен Вашингтон бұған дейін 3 рет тікелей емес келіссөздер өткізген еді. Екі раунды осы Оманда, тағы біреуі Италияда өткен. Иран америкалықтардан санкцияларды алып тастауды талап етеді. Сонда уранды байыту көрсеткішін 10 жыл бұрын Вена келісімінде белгіленген межеге дейін азайтатынын айтады.