Финляндия мектептерінде смартфон қолдануға шектеу қойылады

Финляндия мектептерінде смартфон қолдануға шектеу қойылады, деп хабарлайды 24kz.

Тиісті шешім келер оқу жылынан бастап күшіне енеді. Билік жастар арасындағы цифрлық тәуелділікті азайтпақ. Десе де, кейбір жағдайда құрылғыны пайдалануға рұқсат беріледі. Мысалы, денсаулыққа қатысты мәселе туындаса, оған жүгінуге рұқсат етіледі. Жаңа талапқа қатысты финляндиялық оқушылардың пікірі саналуан.

Бірі: «Электрондық құрылғылар расымен сабақты зейін қойып оқуға кедергі келтіреді»,- десе, енді бірі: «Бұл мектеп әкімшілігінің оқушыларға сенбейтінін көрсетеді», - деп санайды.

«Қатаң шараның орнына балаларға смартфонды саналы пайдалану мәдениетін үйреткен дұрыс», - дейді сарапшылар.