Skype 5 мамырдан бастап қызметін тоқтатады

Бейнеконференцияға арналған Скайп платформасы 5 мамырдан бастап қызметін тоқтатады.

Оған Зум секілді танымал бағдарламалар тарапынан бәсекенің артуы себеп. Енді Майкрософт компаниясы пайдаланушыларының аккаунттарын Тимс платформасына көшіреді. Скайп 22 жыл бұрын іске қосылды. 2011 жылы оны американдық Майкрософт компаниясы сатып алған.