АҚШ Қытайдан келетін шағын сәлемдемелерге салық салды

АҚШ Қытайдан келетін шағын сәлемдемелерге баж салығын салды.

Бұрын бағасы 800 долларға дейінгі мұндай жүктер тарифтен босатылатын. Бұл кеден қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін жасалған. Оны негізінен қарапайым тұрғындар пайдаланады. Олар әдетте Қытайдан киім-кешекке тапсырыс береді. 2023 жылы кеден қызметі арқылы миллиардқа жуық осындай сәлемдеме өткен. Бірақ Дональд Трамптың айтуынша, бұл жүктердің ішінде АҚШ-қа есірткі әкелінуі мүмкін. Баж салығын сол үшін салып отырмыз дейді. Кейбір сарапшылар шешімнің тиімсіз екенін айтады. Өйткені қазір кеден қызметінің жұмысы онсыз да қауырт. Сондықтан сәлемдемелерді рәсімдеу шығындары баж салығынан түсетін пайдадан асып кетуі мүмкін.