Үндістандағы діни фестивальде алты адам қаза тапты

Үндістанның Гоа штатында дәстүрлі Шри Лайрай Затра ((Shri Lairai Zatra)) фестивалінде 6 адам тапталып қаза тапты.

Және 80-ге жуық адам жарақат алды. Олардың бесеуі ауыр халде. Бұл туралы Аль-Джазира телеарнасы хабарлады. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға мыңдаған тұрғын ғибадатханаға апаратын аядай көшеге жиналған кезде болған. Тұрғындар тар жерге тығылысып, бірінің үстіне бірі құлаған. Штат басшысы марқұмдардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін хабарлады. Айта кетейік, Үндістанда діни фестиваль кезінде жаппай тапталу оқиғасы жиі тіркеледі. Биыл қаңтар айында елдің солтүстігіндегі Кумбха Мела фестивалі кезінде 30-ға жуық адам қаза тапты.