Хуситтер АҚШ-тың мұнай танкерлеріне шабуыл жасайтынын ескертті

Йемендік хуситтер АҚШ-тың мұнай тасымалдайтын кемелеріне шабуыл жасайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ шикі көмірсутекті саудалап, тасымалдауға және экспорттауға тыйым салатынын хабарлады. Осылай әрекет ету арқылы Вашингтонның әскери кампаниясына қарымта қайтармақ.

Тыйым 17 мамырдан бастап күшіне енеді. Заңға қайшы әрекет еткендер «Йеменге қарсы агрессия жасады» деген санкциялық тізімге енеді. Сөйтіп, бұл кемелер Қызыл теңіз, Баб-эль-Мандеб бұғазы, Аден шығанағы, Араб теңізі мен Үнді мұхитын кесіп өте алмайды. АҚШ әуе күштері наурыз айында халықаралық сауда жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін хуситтердің нысандарына соққы бере бастады. Қақтығыс кезінде 500-ден астам хусит әскері қаза тапты.