Израиль Газадағы операцияға қатысатын сарбаздар санын арттырып жатыр
Израильде резервтегі жауынгерлердің қосымша мобилизациясы жарияланды. Еврей елі Газа секторында әскери операциясын кеңейтуге дайындалып жатыр. Тиісті шешім ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін қабылданды.
Айта кеткен жөн, уақытша бітімнен кейін наурыздың ортасында Израиль Газа секторындағы әскери операциясын қайта бастап, аймақтың үштен бірін өз бақылауына алған. Сондай-ақ еврейлер гуманитарлық көмекті кіргізбей отырғанына екі ай болды. Осыған байланысты премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға әлемдік қауымдастық тарапынан қысым күшейгенін айтып. Келер аптада АҚШ-тың қорғаныс министрімен кездесіп, Газадағы шиеленісті шешу жолдарын талқылайды.