АҚШ-тың танымал аяқ киім компанияларының шығыны артты
АҚШ-тың аяқ киім өндірушілері Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін тауарларды баж салығынан босатуды сұрап отыр. Әлемге белгілі 76 компанияның өкілі Ақ үйге тиісті хат жолдаған.
Бұған дейін компаниялар 38% дейін алым төлейтін. Ал Дональд Трамптың тарифтерінен кейін жағдай тіптен қиындауы мүмкін. Өйткені аяқ киім брендтерінің фабрикалары Қытай, Вьетнам, Камбоджа мен Индонезияда орналасқан. Бұл елдерде жұмыс күші арзан. Енді тариф салдарынан компания шығандары артуы мүмкін. Әзірге Ақ үй өкілдері өтінішке жауап берген жоқ.