Трамп Алькатрас түрмесін қайта іске қосуды тапсырды

АҚШ президенті Дональд Трамп әділет және ішкі қауіпсіздік министрлігіне Сан-Франциско шығанағындағы атышулы Алькатрас түрмесін қалпына келтіруді тапсырды. Мұнда Американың ең қатыгез, қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді.

Абақты 1963 жылы жабылған еді. Мұнда ең жауыз қаскөйлер қамалған болатын. Қазір бұл жер Сан-Францискодағы танымал туристік орындардың бірі болып есептеледі.