Трамп шетел фильмдеріне 100% баж салығын енгізуді ұсынды

Дональд Трамп шетелде түсірілетін барлық кинотуындыға 100% баж салығын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, өзге елдер тарапынан ұсыныстың артуы себепті АҚШ киноиндустриясы қиын жағдайға түскен.

Голливуд сияқты кино түсіретін алаңдар қаңырап бос жатыр. Әзірге бастама бойынша қандай туындылардың тізімге ілігетіні белгісіз. FilmLA ұйымының мәліметіне сәйкес кейінгі онжылдықта Лос-Анджелесте фильм өндірісі 40% төмендеген.