Иорданияда тасқын кезінде 1800-ге жуық турист құтқарылды
Иорданияның Петра қаласында тасқын жүріп, мыңдаған туристке қауіп төнді. Абырой болғанда, билік шұғыл әрекет етіп, апат аймағында болған 1800-ге жуық саяхатшы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Times of Israel басылымы хабарлады.
Олардың айтуынша, туристер жиналған тарихи орынды бір мезетте су басып қалған. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Билік табиғат апатына байланысты туристік нысанға кіру билеттерін сатуға тыйым салды.