Келесі Рим папасы кім болады?

Жаңа понтификтің есімі ертең белгілі болуы тиіс.

Ватиканға 133 кардинал келді. Олар Сикстин капелласында өтетін конклавқа, яғни жабық жиынға қатысады.

Дауыс беру Астана уақытымен кешкі 19:30-да басталады. Италиялық La Stampa басылымы рим-католик шіркеуінің келесі басшысы ретінде 9 үміткердің есімін жариялады. Олардың қатарында Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролин, Гананың дін қызметкері Питер Тарксон және филиппиндік епископ Луис Антонио Тагле бар. Жаңа понтификтің сайланғанын тұрғындар Сикстин капелласындағы мұржадан шыққан ақ түтіннен біледі.