Израиль хуситтерге қарымта қайтарды
Израиль әскері Йеменнің Ходейда портында орналасқан хуситтерге тиесілі нысандарға шабуыл жасады.
Соққыдан порттағы цемент зауыттан өрт шығып, 21 адам зардап шекті. Олардың көбі зауыт жұмысшылары. Израиль хуситтер портты отын жеткізу мен Қызыл теңіздегі әскери операцияларды қолдау үшін пайдаланылған деп отыр. Ал цемент зауыты туннельдер мен әскери инфрақұрылымды салуға қолданылған. Осылайша еврейлер бұл нысандарды атқылап, хуситтерге қарымта қайтарды. Өткен аптада олар Израильге ұшырған зымыраны Тель-Авивтің Бен-Гурион әуежайына жақын жерге құлаған еді. Шабуыл салдарынан алты адам жарақат алды.